Тікелей эфир

Астана банкіндегі оқиға: Полиция басқыншыны ұстады

Кепілге алынған адамдарды жедел жәрдем алып кетті. 

Полиция қызметі Астанадағы банктердің бірінде 7 адамды кепілге алған басқыншының қолға түскенін хабарлады. 

"Kaspi bank ғимаратындағы операция сәтті өтті. Барлық кепілген алынған азаматтар босатылды! Олар полиция шабуыл жасағаннан кейін босап шықты. Барлық қызметкер сыртқа шығарылды. Дәл қазір басқыншы залалсыздандырылды", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, кепілге алынған қызметкерлер мен басқыншының денсаулығына еш зиян келмегенін хабарлады.

"Басқыншымен келіссөздерді министр Марат Ахметжанов жүргізді. Сондай-ақ ол күштік операцияны басқарды", – деп қосты полициядағылар. 

Мұнымен қатар, ішкі істер министрі Марат Ахметжанов операцияның қалай жүргізілгенін айтып берді. 

"18 маусым күні ер адам елордалық банкте бірнеше тұрғынды кепілге алды. Жараланғандар жоқ. Жедел медициналық жәрдем қызметкерлері “стресске жедел реакция” диагнозымен 3 кепілге алынған тұрғынды тексерді. Ауруханаға жатқызудың қажеттілігі туындаған жоқ", – деді Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар. 

Еске салсақ, 18 маусым күні елордадағы Kaspi bank бөлімшелерінің біріне қаруланған ер адам басып кіріп, 7 адамды тұтқынға алғаны белгілі болды. Kaspi bank баспасөз қызметі бірден бөлімшеде клиенттер жоқ екенін, яғни кепілге алынған жеті адамның барлығы қызметкерлер екенін хабарлады.                                                                                                                

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары