Астана тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп Информбюро порталына берген сұхбатында қала әкімдігінің іс қағаздарын қаншалықты мемлекеттік тілде жүргізетіні туралы әңгімеледі.
Оның айтуынша, қазіргі таңда барлық кіріс-шығыс құжаттары мемлекеттік тілде жазылады. Дегенмен, заң бойынша орыс тілінде түскен хаттарға сол тілде жауап беру талабына байланысты мемлекеттік құжаттар саны 96% болып отыр.
Шаһар басшысының тапсырмасы бойынша, құжат айналымын 100 пайыз мемлекеттік тілде жүргізу үшін енді Астана әкімдігі орыс тілінде келген хаттарға тек орысша ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік тілде де жауап беруді жоспарлап отыр.
Сәкен Есіркептің толық сұхбатын төмендегі сілтеме арқылы оқуға болады:
Оқи отырыңыз: Астана қаншалықты қазақша сөйлейді және қаланы шетел атауларынан тазартуға не кедергі
Маман сұхбатта Астана мектептерінің қазақшалануы, қалада шетелдік тұрғын үй атауларының көбеюі мәселелерін де қозғайды.