Тікелей эфир

Астана әкімі: Менің жеке пікірім – үлкен мегаполисте бәрібір LRT болуы керек

Елорда әкімінің айтуынша, LRT немесе метро халқы 2 миллион адамға жақындаған кез келген қалада болуы керек.

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек елордада LRT салу орынды екенін айтты. 

"Кез келген жобаны жүзеге асырып жатқанда әртүрлі пікір болады. Ғылыми тұрғыдан алғанда, халқы 2 миллионға жақындаған және 1,5 миллион адамнан асатын кез келген қалада желілік қоғамдық көлік болуы керек: не жерасты көлігі - метро, ​​не соған ұқсас жерүсті көлігі болуы керек. Менің жеке пікірім мынадай: болашақта көліктің бұл түрі бәрібір үлкен мегаполисте болуы керек. Ал біз болжам бойынша, 2030 жылға қарай 2 миллион тұрғынға жететінімізді көріп отырмыз", – деді қала басшысы. 

Ол биыл LRT құрылысын жалғастыруға 50 млрд теңге бөлінгенін еске салды. Құрылысты екі жылда аяқтау жоспарлануда. Осыдан кейін бірінші кезеңде сегіз станция мен бес пойыз іске қосылады. Бұл шамамен 500 миллиард теңгені қажет етеді.

 

Серіктестер жаңалықтары