Тікелей эфир

Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару: Жогорку кенеш өтінішті қанағаттандырмады

Қырғыз парламенті осымен бұл мәселеге нүкте қойды.

Қырғызстан Парламенті – Жогорку кенеш отырысында елдің бұрынғы басшысы Асқар Ақаевқа экс-президент мәртебесін қайтару мәселесі бойынша шешім қабылданды. Депутаттар Ақаевтың өтінішін қанағаттандырмады, деп хабарлады 24.kg

Палата спикері Нұрланбек Шакиев Асқар Ақаев ел билігінде болған кезде жақсыдан гөрі жаман істер көбірек болғанын атап өтті. 

"Мен Ақсый ауданынан сайланған депутат ретінде жерлестерімнің бұл мәселе бойынша билік қандай шешім қабылдайтынын мұқият және қауіппен күткенін айтқым келеді. Шешімнің қаншалықты дұрыс екенін тарих көрсетеді, халық өз бағасын береді. Бұл шешім дұрыс болды деп ойлаймын", – деді Нұрланбек Шакиев. 

Кеше бұл мәселе Жогорку кенештің конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым және сот-құқықтық мәселелер мен регламент жөніндегі комитетін қаралған болатын. Комитеті Жогорку кенешке Ақаевтың өтініші қанағаттандырмауды ұсынды.

"Бұл мәселе бойынша қоғамның ұстанымы айқын. Ақаев президент болған тұста бірнеше адам атылды. "Ақ үй" алдында патриот Шералы Назарқұлов аштық жариялап, қайтыс болды. Ақаев адам құқықтарының бұзылуына жол беріп, отбасылық-әулеттік басқару орын алды. Ақаевтың кемшіліктері жөнінде көп айта беруге болады. Сондықтан, біз неге мұндай адамға (экс-президент) мәртебесін қайтарып, оның резиденцияда өмір сүруін қамтамасыз етуіміз керек", – деді депутат Жанарбек Ақаев. 

Еске салайық, Асқар Ақаев 1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болып қызмет атқарды. 2005 жылы елде болған "қызғалдақ төңкерісінен" кейін Ақаев президент отставкаға кетіп, кейін Ресейге көшіп кетті. Ресейде ол Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор, Ресей ғылым академиясы төралқасының бағдарлама үйлестірушісі болып қызмет етті. 


Оқи отырыңыз: 


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары