Тікелей эфир

Асфальт өндіретін ауылда жол шұрық-тесік. СҚО тұрғындары наразылық білдірді

Ауылдың жолдарын жөндеуге облыс бюджетінен 182 миллион теңге бөлінген.

Солтүстік Қазақстан облысының Ленинградское ауылының тұрғындары тақтайдай тегіс жол төселмегенін айтып, шағымданды, деп хабарлады 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.

Былтыр үш мыңға жуық тұрғыны бар ауылдың жолдарын жөндеуге облыс бюджетінен 182 миллион теңге бөлінген. Тұрғындардың айтуынша, тендерді ұтқан мердігер ескі асфальтты қырып, оны сатып пайда табумен ғана шектелген. Бетонның жоқтығын сылтауратып, жұмысты орта жолдан тоқтатқан. 

"Осы жолмен бір көлік жүріп өтсе, бірден шаң көтеріледі. Біз сол шаңмен тыныстаймыз. Балалар мектептен үсті-басы кір болып келеді. Ақша бөлінді емес пе? Неге жол жасалмайды?" – деді Ленинградское ауылының тұрғыны Қарагөз Асқарова.


Оқи отырыңыз: "Асфальт құжат жүзінде ғана төселген". Тараз тұрғындары неге наразы?


Мамыр айында тендер ұтқан петропавлдық "Гавар компани" басшысы телефон арқылы мән-жайды түсіндірді. Айтуынша, былтыр елімізде асфальт жасауға қажет бетон болмаған. Оның үстіне, облыс әкімдігі жол жөндеуге бөлген төлемді алдын ала бермеген екен. Сәйкесінше, жұмыстарды белгіленген уақытқа дейін бітіре алмаған.

Ал ауылдық әкімдік бұл мәселені енді жыл соңына дейін шешетінін айтты.

"Қазір құжаттар барлығы дайындалды. Облыс бюджетінен 100 миллион теңге бөлінді. Конкурстық жұмыстар 1-1,5 ай көлемінде өтеді. Оны күту керек. Жолдарды биыл жөндейміз. Негізі жобалық-құжаттамалық смета 200 миллион теңгеге жасалған" – деді Ленинградское ауылының әкімі Асан Маймақов.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары