Тікелей эфир

Асанәлі Әшімов: Халықтың жағдайы түзелмей, мемлекетте береке болмайды

Актер ғылым, білім, мәдениетті дамыту қажеттілігіне тоқталды.

Қоғам қайраткері, актер Асанәлі Әшімов Алматы қаласындағы № 382 учаскеде дауыс берді. 

Актердің айтуынша, қарапайым халықтың жағдайын түземейінше, мемлекеттің ісі алға баспайды.

"Халықтың әл-ауқаты, көңіл-күйі түзелмей, береке болмайды. Көңіл-күй жақсы болған кезде ғана жұмыста береке болады. Бұл – бір. Екіншіден, ғылым, білім, мәдениетті дамыту керек. Ұлылардың айтуынша, мәдениетсіз, әдебиетсіз ел – ел емес деген. Сондықтан мен таңдаған кандидат осыған көп көңіл бөледі деп сенемін. Келешек үшін адал қызмет істейді деп ойлаймын", – деді Асанәлі Әшімов.


Оқи отырыңыз: Қазақстанда президент сайлауы қалай өтіп жатыр? Live


 

Серіктестер жаңалықтары