Арыста егін егіп, табыс табуы үшін жұмыссыз отбасыларға 0,5 гектардан жер телімі беріледі, деп мәлімдеді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындармен кездесуі кезінде.
"Жұмыссыз жүрген отбасылар егіншілікпен айналысуы үшін Арыс қаласында 50 гектар жер қоршалып, 2 ұңғыма қазылды. Мұнымен қатар арнайы су жинайтын 60 тонналық құрылғы қойылды. Тұрмысы төмен әр отбасыға 0,5 гектар көлемінде жер телімі беріледі. Осылайша отбасылар өзін-өзі жұмыспен қамтитын болады", делінген әкімдіктің баспасөз хабарламасында.
Оқи отырыңыз: Каспий жағалауындағы 21 жер телімі жеке тұлғаларға заңсыз берілген
Алдағы уақытта жоба жемісін берген жағдайда жер телімі 100 гектарға дейін ұлғаяды.