Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментіне Теміртау қаласының кәсіпкерлерінен жылу желілерінен заңсыз ажыратылғаны туралы ұжымдық өтініш түсті, деп хабарлады комитет.
Шағым негізінде "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізілді, себебі компания – жылу энергиясын өндіру, сондай-ақ сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тізілімінің жергілікті бөлімінің мүшесі.
Үзілістер фактілері расталып, "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қатысты әкімшілік іс қозғалып, ол соттың қарауына жіберілді. Теміртау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "Табиғи монополиялар туралы" заңнаманы бұзғаны үшін "АрселорМиттал Теміртау" АҚ әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 5,5 миллион теңге айыппұл салынды.
Оқи отырыңыз: "АрселорМиттал Теміртау" шахтасында тағы да өрт шықты.