Арал Садықов Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы болып тағайындалды

Арал Садықов. Фото: Prokadry
Арал Садықов. Фото: Prokadry
Қазақстан таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға дайындалып жатыр.

Қазақстан таеквондо федерациясының бас хатшысы болып Арал Садықов тағайындалды, деп хабарлады Prokadry.

Бұған дейін ол Қазақстан таеквондо федерациясының бірінші вице-президенті болатын. 

Еске салайық, соңғы уақытта Қазақстан таеквондо федерациясында үлкен өзгерістер болып жатыр. 

Биылғы қаңтарда Есбол Сұлтанов таеквондодан Қазақстан құрамасына бас бапкер болып тағайындалды. Ол – Париж Олимпиада ойындарында Тунис елінің ұлттық құрамасын басқарып, екі медаль жеңіп алған болатын. 

Ал өткен жылы Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким және оның қарамағындағы басшылық құрам қызметтен кеткеннен кейін федерацияның жаңа президенті болып Құдырет Шәмиев тағайындалған еді. Таяуда ол Қазақстан таеквондодан 2027 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға мүдделі екенін хабарлады. 


Оқи отырыңыз:


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары