Тікелей эфир

Ақтөбеде 109 миллионға салынған жол жаңбырдан соң опырылып қалды

Жауапты компанияның өкілдері жаяу жүргіншілер жолының бүлінуіне жер астындағы кәріз құбыры себеп екенін айтты.

Бұл видео Батыс-2 ауданында түсірілген. Кадрдан жауын-шашыннан кейін асфальт жабындасының үгітіліп жатқанын көруге болады. Желіде тараған жазбадан соң мердігер компанияның жұмысшылары аталған аумаққа жедел жетіп, кемшіліктерін жоюға тырысқан, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Жауапты компанияның өкілдері жаяу жүргіншілер жолының бүлінуіне жер астындағы кәріз құбыры себеп екенін айтты. Келісім бойынша ұзындығы 5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы желтоқсан айында төселіп бітуі тиіс болған. Ал әкімдіктегілер жұмыс аяқталғанан кейін сапасы міндетті түрде тексерілетінін айтты.

Осы ауданның тұрғындары бір істі екі рет жасауға мәжбүр болған мердігердің жауапсыздығына наразы.


Оқи отырыңыз: "Жол белгісін қазанға қақпақ етеді". Көлік апатының жиілеуіне не себеп?


"Жаяу жүргіншілер жолының сапасы өте төмен, үгіліп, құлап жатыр. Жаңбыр жауған кезде балаларым балшыққа батады. Бес балам бар. Төртеуі мектепке барады. Солар батпақ-батпақ болып келеді. Дұрыстап жолсалып берсе жақсы болар еді", – деді Ақтөбе қаласының тұрғыны Аният Жәнібекова.

Серіктестер жаңалықтары