Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: baq.kz
Фото: baq.kz
Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған.

"ҚазАвтоЖол" ауа райына байланысты Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді.

"2025 жылғы 16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 526-702 шақырым аралығындағы учаскесінде (БҚО шекарасы-Маржанбұлақ ауылы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады", – делінген хабарламада.

Жолды 16 қаңтар сағат 20:00-де ашу жоспарланған. Сонымен қатар Батыс Қазақстан облысында көлік қозғалысы шектелді.

16 қаңтар сағат 12:50-де ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе-Орал-РФ шекарасы автожолының 393-526 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жымпиты ауылы-Ақтөбе облысының шекарасы) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары