
Су басқан учаскенің ұзындығы 100 метрді, ал судың биіктігі 50 см құрады.
Ақтөбе облысында "Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз" республикалық автожолының 92 шақырымында Жем көпірі маңындағы айналма жолды су басты, деп хабарлайды "ҚазАвтоЖол".
"Су басқан учаскенің ұзындығы 100 метрді, ал судың биіктігі 50 см құрады. Су деңгейінің көтерілуіне байланысты көпір арқылы барлық көліктің қозғалысына шектеу қойылды. Жаяу жүргіншілер үшін қозғалыс ашық", – делінген хабарламада.
Оқиға орнына жеті техника мен 15 маман жұмылдырылды. Жол қызметінің мамандары тәулік бойы мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.