Тікелей эфир

Ақтөбе облысында тасқыннан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды

Баспана "Юнис сити" мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілді.

Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында тасқын судан зардап шеккен 35 отбасы баспаналы болды, деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

"Ырғыз ауданында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетіліп жатыр. Материалдық және әлеуметтік төлем төленіп, жаңа үйлер салынып жатыр, сонымен қатар тұрғындар келісіміне сәйкес, өздері қалаған тұрғын үйді сатып ала алады. Бүгінгі күні 35 отбасы қоныстойын тойлады, 125 отбасы жаңа салынып жатқан үйлеріне көшеді", – делінген хабарламада.

Баспана "Юнис сити" мен Есет батыр тұрғын үй алабынан берілді. Жаңа қоныс 66 шаршы метрді құрайды. Екі бөлмелі пәтер жарық әрі кең. Барлық қолайлы жағдай қарастырылған.

Баспанасы суға кеткендердің көбі — арнайы санаттағы отбасылар. Берілген су жаңа пәтер заңды түрде үй иесінің атына жазылады, яғни, пәтерді алған тұрғын иесі кез келген уақытта сата алады немесе кепілге қоя алады.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары