Тікелей эфир

Ақтөбе облысында ірі қара жаппай қырылып жатыр

Қайрат Тоқсанбаевтың бір аптаның ішінде 11 сиыры мен 13 бұзауы өлген.

Ақтөбе облысында ірі қара жаппай қырылып жатыр. Алға ауданының шаруалары қорадағы сап-сау малдың қандай аурудан арам қатып жатқанын біле алмай дал, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Олар "бұрын-соңды төрт түліктің бұлай өлгенін көрмедік" дейді.

Қайрат Тоқсанбаевтың бір аптаның ішінде 11 сиыры мен 13 бұзауы өлген. Оның айтуынша, ауру ешқандай белгі бермейді. Қорада тұрған сап-сау сиыр шөп жемей, 7-8 сағаттың ішінде құлайды екен.

Барлық малым екпе алды деген қожалық басшысы ірі қараның бұрын-соңды бұндай дертке шалдықпағанын айтады.

"Ешқандай белгі жоқ. 7-8 сағаттың ішінде шөп те жемейді. Шамалы тәлтіректеп жүреді. Содан кейін жатады", – деді шаруа қожалықтың басшысы Қайрат Тоқсанбаев.

Өлген малдың қаны мен етін алған ветеринарлар алдын ала болжам бойынша, ірі қара шөптен улануы мүмкін екенін айтқан. Алайда қожалық басшылары мамандарға сенбейді. Өйткені, өңірде аусыл ауруы тараған кезде, мал жайылатын 250 гектар жерді қоршап алдық деп отыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары