Тікелей эфир

Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қалалық мәслихатының депутаттарына қала әкімі лауазымына үміткерді таныстырды, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін қала әкімі болған Ұлықбек Тналиев өз еркімен қызметінен кеткен.

Қалалық мәслихат депутаттары ұсынылған кандидатураны қолдады. Маңғыстау облысы әкімінің өкімімен ҚР президенті әкімшілігінің келісімі бойынша Байпақов Әбілқайыр Жаңайұлы Ақтау қаласының әкімі қызметіне тағайындалды.

Әбілқайыр Байпақов 1978 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша жоғары білімі бар.

Осы жылдар ішінде облыстың мемлекеттік органдарында, оның ішінде Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен мәдениет басқармасында, Ақтау қаласы, Түпқараған және Қарақия аудандары әкімі аппаратында, облыс әкімі аппаратында басшы, Баянды ауылының әкімі, "Каспий" ӘКК ҰК" АҚ директоры, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2023 жылдан бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы болды.

Нұрдәулет Қилыбай Ақтау қаласы тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытында атқарған жұмысы үшін Ұлықбек Тналиевке алғыс айтып, Әбілқайыр Байпақовқа облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары