Тікелей эфир

Ақтаудан Париж Олимпиадасына велосипедпен шыққан шабандоз Бакуге жетті

Ол Баку – Тбилиси – Батуми – Анкара – Ыстанбұл – София – Будапешт – Белград – Мюнхен – Париж бағыты бойынша саяхаттайды.

Ақтау қаласындағы Әзербайжанның Бас консулдығы Раббым Борашовтың Париждегі жазғы Олимпиадаға баратын велотурына қолдау көрсетті, деп хабарлады Маңғыстау Медиа

3 мамырда жолға шыққан әуесқой велошабандоз турнирді Ақтау қаласынан бастап, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Болгария, Сербия, Австрия, Германия аумағы арқылы Францияға аттанған болатын. Ол бұл сапарға бір жыл бойы дайындалған. 

"Париж өте алыс. Олимпиада – елдер арасындағы барлық соғыстар мен жанжалды тоқтататын оқиға. Мен халықтар достығын қалаймын. Бұл велотурға көмектескен Әзербайжан консулы Эльчин мырзаға көп рахмет. Мені Әзербайжанда федерация өкілдері қарсы алып, жатын орын дайындап қойған. Тіпті мені Грузия шекарасына жеткізді. Мен мұндай достықтың куәсі болғаным үшін қуаныштымын. Мен олимпиада ойындары басталғанша Парижге жетуді көздеп отырмын. Оған дейін 2,5 ай қалды, мен уақытында жететініме сенімдімін", – деді Раббым Борашов. 

64 жастағы ақтаулық әуесқой велошабондоз Баку – Тбилиси – Батуми – Анкара – Ыстанбұл – София – Будапешт – Белград – Мюнхен – Париж бағыты бойынша саяхаттайды.


Оқи отырыңыз: Тоқаев Азиада нәтижесі жайлы: Мемлекет қаражатының барынша тиімді жұмсалмайтынын көрсетеді


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары