Ақтауда жылу желісінде апат болып, бір бала күйіп қалды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Бала жансақтау бөліміне түскен.

Ақтауда ыстық су құбыры жарылып, 10 жастағы бала күйіп қалды. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. 

Баланың анасы әлеуметтік желіге оқиғаның қалай болғанын жазған. Оның айтуынша, жарылған құбыр қараусыз қалып, баласы ыстық суға күйіп қалған. Бала жансақтау бөліміне түскен.

Баланың жансақтау бөлімінде жатқанын облыстық денсаулық сақтау басқармасы растап отыр.

"2014 жылғы бала, екі сан, балтыр аймағының ІІ-ІІІ дәрежелі күйігімен ауруханаға жатқызылды. Денесінің 30% күйген. Баланың жағдайы ауыр. Есін біледі, бірақ мазасызданып жатыр. Науқас жансақтау бөлімінде ем алып жатыр", – дейді денсаулық сақтау басқармасы.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары