Облыстық полиция департаменті мүрде 20 қыркүйекте табылғанын айтты.
Ақтауда қоқыс контейнерлері арасынан түрлі турнирлерге қатысқан ММА спортшысының мәйіті табылды. Полиция департаменті ақпаратты растады.
Алдын ала мәлімет бойынша, ер адамның мүрдесі 3-шағын ауданда қоқыс контейнерлерінің бірінен табылған. Марқұмның денесі әбден ісініп, қарайып кеткен.
"Оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасып жатыр. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", – делінген хабарламада.