Тікелей эфир

Ақтау тұрғындары 20 сәуірде тасаттық намазын оқиды

Намаз сағат 15:00 де Ақтаудағы амфитеатр алаңында оқылады.

20 сәуір күні сағат 15:00 де Ақтаудағы амфитеатр алаңында тасаттық намазы оқылады, деп хабарлады "Бекет ата" мешітінің баспасөз қызметі. 

"Маңғыстаулық тұрғындардың ұсынысымен облыстық "Бекет ата" мешіті тасаттық намазын ұйымдастырады. Іс-шара "Бір мезетте - бір дұға" деп аталады. Тұрғындарды қолдау білдіруге шақырамын. Мақсат – Жаратқаннан биылғы жылдың берекелі болуын, елімізді табиғи апаттардан сақтауды тілеу. Келушілерден жайнамаздарын алып келудін сұраймыз", – деді ҚМДБ Маңғыстау облысы бойынша өкілі Әнуарбек Елжанов.

Тасаттық – көпшілік жиылып атқаратын діни рәсім. Тасаттықта көпшілік қауым болып жиналып, құрбандық шалып, сауабын аруақтарға бағыштап, құран оқылып, құдайдан тілек тілеп ниет қылады. 

Еске салайық, Батыс Қазақстан облысының мұсылмандары Оралда тұңғыш рет "қажет намазын" оқыды


Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстан мұсылмандары тұңғыш рет "қажет намазын" оқыды


 

Серіктестер жаңалықтары