Си Цзиньпин Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.
ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мемлекет басшысына ұшақ апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.
"Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Ақтау маңында Azerbaijan Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы апатқа ұшырауы салдарынан көптеген адамның, соның ішінде Қазақстан азаматтарының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді", – делінген хабарламада.
Сонымен қатар Қытай үкіметі мен халқының атынан қаза болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты.