АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Дэниел Розенблюм 2025 жылдың 20 қаңтарында қызметінен кетеді және АҚШ Мемлекеттік департаментінде 28 жылға жуық еңбек жолын аяқтайды. Бұл туралы ол Қазақстан Үкіметіне 26 қарашада мәлімдеген.
Елші Дэниел Розенблюм 2022 жылдың қараша айынан бері Қазақстандағы миссия басшысы қызметін атқарып келеді. Ол Америка Құрама Штаттарын Қазақстанда, АҚШ-пен мықты әрі дамып келе жатқан серіктестік құрған елде, таныту мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.
"Қазақстанда АҚШ елшісі болу – мен үшін өмірімдегі ең үлкен құрметтердің бірі. Мен Қазақстан халқымен жақынырақ танысып, елдің барлық өңірлерін аралап, оның ерекше тарихы жайлы көп нәрсе білгеніме қуаныштымын. Осында тұрған уақытымда елдің бай мәдениеті мен дәстүрлеріне терең құрметпен қарадым", – деп атап өтті Дәниел Розенблюм.
Елші Розенблюм миссияның алдағы жетістіктеріне толық сенім білдіріп, жаңа елші тағайындалғанға дейін миссия басшысының орынбасары Дебора Робинсонның уақытша басшылығына және Алматыдағы АҚШ бас консулы Мишель Еркиннің кәсібилігіне сенім артты. Сонымен қатар, ол Астана мен Алматыдағы командаларының баға жетпес еңбегін ерекше атап өтіп, олардың оның қызметі барысында миссияның мақсаттарына жету үшін аянбай еңбек еткенін айтты.
Оқи отырыңыз: АҚШ консулы Мишель Еркін: Гендерлік зорлық-зомбылық бұғауынан босаған болашақтың негізін бірге қалаймыз