Мемлекет басшысының үш асыл тұқымды тазысы бар
Оның бірі – қызғылт-сары түсті Наурыз атты күшік. Бұл тазыны былтыр Мемлекет басшысына ит асыраушы Анна Захарова сыйға тартқан болатын. Қазір Наурыз 1 жас 4 айға толды.
Қалған екеуі – 4 жасар, ақшыл-сары түсті Ронни деген арлан тазы мен 5 жасар ақшыл түсті Нэнси.
Иттер қоршалған аумақта, жылы үйшікте күтіп-бапталады. Арнайы сертификаты бар кинолог маман оларды үйретіп, саятшылыққа баулиды.
Оқи отырыңыз: "Таза қандылары қалмады". Сұлтан Ибрагимов төбетті көбейту жұмыстарының қалай жүріп жатқанын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев бос уақытында тазыларымен серуендегенді ұнатады.