Кенесары атауын 321 дауыс берушінің 192-сі жақтаған.
Ақмола облысындағы Жарқайың ауданының орталығы – Державин қаласының атауын өзгертуге қатысты жиында дауыс берушілердің басым бөлігі Кенесары атауын жақтады.
Дауыс беруге 321 адам қатысса, олардың 192-сі Кенесары атауын жақтады. 4 бюллетень жарамсыз деп танылса, қала атауын өзгертпеуді қолдап 125 адам дауыс берген.
Видео Алтынбек Құмырзақтың Facebook парақшасынан алынды.