Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі Әнуар Жанғозин халықаралық бағдарламалар орталығы басқармасының төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды БҒМ баспасөз қызметі.
Ол 1986 жылы дүниеге келген. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде "Математика" мамандығы бойынша және "Назарбаев университетінің" магистратурасында "Білім беруді басқару" мамандығы бойынша білім алған.
Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі.
Оқи отырыңыз: "Болашақ" бағдарламасына қалай түстім? Үміткерге арналған нұсқаулық
2008-2011 жылдары "Назарбаев Зияткерлік мектептері" әдістемелік процесс департаментінің менеджері, директордың орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан 2016 жылға дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы "Назарбаев Зияткерлік мектебінде" математика пәнінің мұғалімі, директор қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы болды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев "Болашақ" бағдарламасының бағыты өзгеретіні туралы мәлімдеген еді.