ҚР СИМ cауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабеков "Алтын Орда" базарында жасалған тексеру қорытындысының алдын ала нәтижесін жариялады.
"Бас прокуратураның бастамасымен облыс прокуратурасына тапсырма берілді. Олар бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, сауда департаментінің, жергілікті атқарушы органдар, архитектура, СЭС сынды құзырлы орган өкілдерінен жиынтық топ жасап, сол базарға кірді. Барлығы 71 адам кірді. Базардың аумағы – 28 га жер. Аралауға қанша уақыт кетеді? Бірақ жұмыс жүргізілді. 1 млрд 600 миллионға кемшіліктер табылды. Оның 1 млрд 100 миллионын төлеп қойды", – деді Айдар Әбілдабеков.
Сауда комитеті өкілінің айтуынша, тексерудің толық қорытындысы әлі шықпаған. Бұл тек алғашқы деректер. Көп заң бұзушылық ветеринария, заңдастырылмаған құрылыс нысандарына қатысты анықталған.
Айта кетейік, жалпы Қазақстанда 761 базар бар, оның 515-сі азық-түлік тауарларын сатады. Ішіндегі ең ірісі "Алтын Орда" базары. Ол 28-29 га аумақты алып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Президент тапсырма берсе де, "Алтын Орда" базарында әлі тәртіп орнаған жоқ