Тікелей эфир

"Алтын алқалы" аналардың жәрдемақысына 5178 теңге қосылды

Биыл Қазақстанда 90 мыңға жуық көпбалалы ананың жәрдемақысы артты.

2023 жылдан бастап Әлеуметтік кодекс аясында "Алтын алқа" алқасымен, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған, "Батыр ана" атағын алған аналарға берілетін жәрдемақының мөлшері 7,4 АЕК мөлшеріне дейін артты. Осылайша, елдегі 90 мыңға жуық көпбалалы ананың жәрдемақысы көбейді. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайыловтың мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабынан белгілі болды. 

Осыған дейін марапатталған аналарға ай сайын 6,4 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленіп келді. 2022 жылдың 1 сәуірінен бері 20 352 теңге алып келді (2022 жылғы 1 сәуірден кейінгі АЕК мөлшері – 3180 теңге). Биылдан бастап жәрдемақы мөлшері бір айлық есептік көрсеткішке өсіп, 7,4 АЕК құрады. Бүгінде оның сомасы 25 530 теңгеге тең (2023 жылғы АЕК мөлшері – 3450 теңге).


Оқи отырыңыз: 2023 жылы зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңге болады?


Әлеуметтік кодекске сәйкес, бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда мемлекеттік жәрдемақы және әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. Төлем алушы жұмысқа ерте шыққан жағдайда, оның мөлшері мемлекеттік жәрдемақы деңгейінде сақталады. Бұл құқықты жұмыс істейтін және жұмыссыз 1,5 миллион ата-ана пайдалана алады.

Сондай-ақ, 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдік берілген әлеуметтік топтама монетизацияланады. Яғни, әр ата-ана азық-түлікті баланың қажетіне қарай өзі сатып алады. Бұл шара 200 мың баланы қамтиды.

Серіктестер жаңалықтары