Алтай қаласының орталық алаңында орналасқан Ленин ескерткішін жөндеуге аудандық бюджеттен 1,5 миллион теңгеге жуық қаржы қарастырылды. Бұл туралы yk-news.kz хабарлады.
Алтай өңірлік мәслихатының сессиясында 2023 жылға арналған бюджетті нақтылау кезінде ескерткішті жөндеу мәселесі көтерілген. Аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі басшысының айтуынша, оған 1 млн 449 мың теңге қарастырылған. Жөндеу биыл жүзеге асырылады деп жоспарланғанымен, мердігерлерді іздеу бойынша тендер әлі өткізілмеген.
Оқи отырыңыз: Әлемде Абайға арналған қандай ескерткіштер бар?
"Ескерткіштің өзі емес, тұғыры жөнделеді. Ара-тұра жауын-шашын әсерінен бетон негізі құлай бастады. Ылғал, аяз және ауа-райының күрт өзгеруі гранитті плиталарды қозғап, тігістері ашылған. Жөндеу кезінде плиталар бөлшектеліп, негізді жаңа бетонмен құйып орнатамыз", – деп түсіндірді "Шығыс Строй Проект" ЖШС техникалық жетекшісі Сергей Оградов.
Айта кетейік, Ленин ескерткіші 1962 жылы ашылған және ол – облыс орталығының алаңына сән беріп тұрған жалғыз ескерткіш. Ескерткішімонументалдық мүсін ретінде жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштердің мемлекеттік тізіміне енгізілген.