Ол бұл қызметке 2022 жылғы 9 желтоқсанда тағайындалған еді.
Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Алтай Сейдірұлы Көлгінов Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары лауазымынан босатылды", – деп жазылған ақпаратта.
Алтай Көлгінов бұл қызметке 2022 жылғы 9 желтоқсанда тағайындалған еді. Оған дейін әр жылдары Әділет министрлігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және Бас прокуратура органдарында қызмет атқарған. Кейіннен Орал қаласының, Батыс Қазақстан облысының, Астана қаласының әкімі болды.