Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында биыл экономика өсімінің айтарлықтай төмендегенін мәлімдеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетіп, 19,6 пайызды көрсетіп отыр. Осы ретте журналистер премьер-министрдің әлеуметтік мәселелер жөніндегі жаңа орынбасары Алтай Көлгіновтен елдегі инфляция және қымбатшылық мәселесін қалай шешуге болатынын сұрады.
"Инфляция асқақтамауы үшін өзіміздің өндіріс болуы керек. Біз қай салада импортқа тәуелді болсақ, сол салада баға көтеріліп жатыр. Сондықтан өзіміз өндіретін болсақ, бағалар тұрақтанатын болады. Қазір ауыл шаруашылық, азық-түлік инфляциясы ең жоғары болып тұр. Көптеген тауар бізде өндірілмейді. Сол тауарларды бізде өндіру керек", – деді ол.
Алтай Көлгінов мәселені шешу үшін ұзақмерзімді, арзан кредиттер беруді ұсынды.
Оқи отырыңыз:
- Алдағы 5 жылда инфляция қай деңгейде болады? Ұлттық экономика министрінің болжамы
- Қымбатшылық қысқан қазақстандықтар семіре бастапты
Еске салайық, Алтай Көлгінов жуырда ғана премьер-министрдің орынбасары болып тағайындалған еді.