Тікелей эфир

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек неміс мектебінде музыканттың бюстін қаржыландырды

Экс-әкім қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Қазақстаннан кетіп қалған.

Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбек Германияның Любек қаласындағы музыка мектебіне белгілі пианист Эвелинда Тренкнердің бюстін орнатуға демеушілік жасады. Экс-әкімнің ескерткіштің салтанатты ашылуында түскен суреті Lübecker Nachrichten басылымында пайда болды.

Бюст осы жылдың ақпан айында орнатылған. Басылым фотосуретте мүсінші Клаус Герцпен бірге ескерткіш орнатуға демеушілік жасағандар бейнеленгенін жазған.

Клаус Гёрц, Бауыржан Байбек, Антье Петерс-Хирт пен Дагмар Поль Лаукамп / Фото: Lubecker Nachrichten

Эвелинда Тренкнер Бауыржан Байбектің Любек жоғары музыка мектебінде оқып жүргенде ұстазы әрі тәлімгері болған. Өнер адамына қойылған бюст қоладан жасалған.

Бауыржан Байбек 2015 жылдың тамызынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматы қаласының әкімі болған. Оның алдында Nur Otan (қазіргі Amanat) партиясының бірінші орынбасары, президент әкімшілігі басшысының орынбасары болды.


Материалдың орысша түпнұсқасы: Байбек в Германии? Экс-аким Алматы оплатил установку бюста пианистке в немецкой школе


Экс-әкім қаңтар оқиғасынан кейін көп ұзамай Қазақстаннан кетіп қалған.

Серіктестер жаңалықтары