Жер сілкінісінің орталығы қаладан шамамен 264 шақырым жерде. Магнитудасы 6,7.
Алматы қаласынан 264 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған жер сілкінісін қала тұрғындары сезді.
Алматы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құзырлы мемлекеттік органдар өзара әрекет алгоритміне сәйкес хабарланған. Қазір қала бойынша жер сілкінісінің салдарын бағалау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Энергетикалық санаты – 15.1. MPV тербелісі – 6.7. Тереңдігі – 65 км.