Тікелей эфир

Алматылықтар 29 қыркүйек күні кардиологтардан тегін кеңес ала алады

Қалалық кардиология орталығында ашық есік күні бүгін сағат 12:00 мен 16:00 аралығында ұйымдастырылады.

Алматы қаласындағы кардиология орталығында 29 қыркүйек күні Дүниежүзілік жүрек күніне орай Ашық есік күні өтеді, деп хабарлады ҚазАқпарат агенттігі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

  • Уақыты: 29 қыркүйек, сағат 12:00 мен 16:00 аралығы.
  • Мекен-жайы: Қалалық кардиология орталығы, Төле би көшесі, 93.

Ашық есік күніне 10 жылдан астам жұмыс өтілі бар, жоғары және I біліктілік санаты бар медицина мамандары, профессорлар, кафедра доценттері, кардиологтар, кардиохирургтер мен аритмологтар қатысады.

Алматылықтардың электрокардиография (ЭКГ), эхокардиография (ЭХОКГ) сияқты тексерулерден өтіп, салалық мамандардан кеңес алуына болады.


Оқи отырыңыз: Қан тамыры қысымы ауруынан қалай сақтану керек және оның алдын алу жолдары қандай?


Айта кетейік, Дүниежүзілік жүрек күні 2011 жылдан бастап әлемде атап өтіліп келеді.

Серіктестер жаңалықтары