Алматылық оқушылар робототехника бойынша тағы да үздік нәтиже көрсетті. FIRST Tech Challenge робототехника бойынша ашық ойындар Индонезияның Депок қаласында өтті. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.
Жарысқа 5 елден 30 команда қатысты. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «124» командасы барған болатын.
"Алматылық оқушылар Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен келген 150 жас робототехника жасаушылармен бірге бірнеше күн бойы өз жұмыстарымен бәсекеге түсті. Нәтижесінде ел құрамасының қоржыны 7 жүлдемен толықты", – деп жазылған хабарламада.
Соның ішінде Алматылық оқушылар төмендегідей нәтижеге ие болды:
«124» командасы:
- 1 орын – Control award;
- 3 орын – Think Award;
- 3 орын – Connect Award.
Оқи отырыңыз: Аймағамбетов робототехника туралы: Балалар жергілікті бюджет есебінен тегін оқи алады
Еске салайық, Индонезияда өткен чемпионатқа жолдаманы Қазақстаннан барған оқушылар 2023 жылдың желтоқсан айында Оқу-ағарту министрлігінің және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде жеңіп алған болатын.