Тікелей эфир

Алматылық хирургтер іштей кемістікпен туған бір жасар балаға күрделі ота жасады

Нақты диагноз қою үшін ультрадыбыстық зерттеу мен цистография жасалды.

Бір жастағы нәрестенің анасы Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы хирургтерінің көмегіне жүгіну туралы шешім қабылдаған. Айтуынша, баланың кіндігі құрғамағандықтан, төңірегіндегі терісі болбырап кеткен.

Аурухана баспасөз қызметінің дерегінше, нақты диагноз қою үшін ультрадыбыстық зерттеу мен цистография жасалды. Тексеру барысында урахустың толық жетілмей қалғаны анықталды. Салдарынан кіндік тұсында жара пайда болып, сұйықтық жиналған. Пациентке МӘМС шеңберінде жоспарлы түрде ота жасау туралы шешім қабылданды.


Оқи отырыңыз: Шымкентте дәрігерлер 10 жасар қыздың омыртқасын хирургиялық жолмен түзетіп берді


"Урахус – несеп жолы, әдетте, эмбрионның даму кезеңінде ғана кездеседі. Ол қуықтың жоғарғы ұшын кіндік қанатымен жалғаушы міндетін атқарады. Негізінде урахус іштегі нәресте 5-7 айға толған кезде толық жетіліп, бітіп кетуі тиіс. Кей жағдайларда осы несеп жолы жабылмай қалады. Салдарынан іштей аномалия пайда болады. Бұл өте сирек кездесетін құбылыс. Хирургия саласында қызмет еткен 30 жылда осындай жағдайды үшінші рет кездестіріп тұрмын", – деп түсіндірді №2 ҚКБА хирургия бөлімшесі меңгерушісі Марат Қаптағаев.

Оның айтуынша, мұндай кемістіктерді консервативтік жолмен емдеу дұрыс нәтиже бермейді. Сондықтан мамандар операция жасау туралы шешім қабылдаған. Ота арқылы жергілікті қабыну процесінің, кеуде қуысы абсцесі мен кистаның алдын алуға болады. 

Серіктестер жаңалықтары