Тікелей эфир

Алматыдағы зілзаладан кейін жылжымайтын мүлігін сақтандырғандар саны күрт артты

Табиғи апаттан кейін баспана бүлінсе – компания шығынды толық өтеп береді.

Заңгерлер табиғи апаттан кейін мүлікке зақым келсе – сот арқылы құрылыс компаниясынан ақша өндіріп алуға болатынын айтты, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Заңгердің айтуынша, егер азамат арнайы сараптама жасау арқылы келтірілген шығын оның ғимаратына сапасыз құрылыстың салдарынан болғанын дәлелдесе, ол сотқа жүгіну арқылы өзінің шығынын толық өтеп алуға құқысы бар.

"Жалпы қалыптасқан заңға сәйкес, осындай зілзалалардан болған зиянды мемлекет өз еркімен көмектеседі", – деді заңгер Айыпқан Мұхамадиев.

Жер сілкінісінен кейін жылжымайтын мүлкін сақтандыруға көшкен қазақстандықтар бар. Мамандар мүлікті сақтандыру қызметі Алматыда әлдеқайда жоғары сұранысқа ие екенін атап өтті. Басқа өңірлерде адамдар үйін сақтандыруға асықпайды.

"Лицензиясы бар тиісті тәуелсіз сарапшының зиян мөлшерін анықтаған соң сақтандыру компаниясы 15 күн ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндетті. Ол жер сілкінісі, табиғи апаттар, өрт және тағы да басқа оқыс оқиғаларды қамтиды. Сақтандыру ақысы, яғни пәтерлер мен тұрғын үйлердің өзіндік құнынан 0,1 пайызынан басталады. Мысал келтіретін болсақ, 25 миллион деп алатын болсақ, бір жылға сақтандыру сыйақысы 25 мың теңгені құрайтын болады", – деді сақтандыру компаниясының қызметкері Ақсұлтан Аймұрза.


Оқи отырыңыз: Депутат таулы аймақтарда екі қабаттан биік үй тұрғызуға тыйым салуды ұсынды


Сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулер Ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев жер сілкінісінен кейін зардап шеккен тұрғын үйлер мен нысандардың барлығы тексеріліп жатқанын хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары