Алматыдағы тергеу абақтысына тапсырыспен тамақ алдыруға болады

Фото: freepik
Фото: freepik
Арнайы сайтқа кірсе тауардың 400-ден астам түрі ұсынылған.

Алматыдағы тергеу абақтысына тапсырыспен тамақ алдыруға болады, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Демек, түрлі қылмыс бойынша күдікті деп танылған жандар, айыпталушылар мен сотталушылар арнайы дүкендерден фастфуд тағамдарын, киім-кешек пен түрлі заттарды онлайн сатып ала алады.

Тергеу изоляторында отырғандар туыстары мен достары арқылы суши, пицца, фастфуд өнімдері мен түрлі тағамдарға тапсырыс бере алады. Онлайн-дүкенде бағасы да көрсетілген.

Мәселен, бір келі палау үшін 4 мың теңге төлеуге тиіс. Ал 70 дана суши 19 мың теңге тұрады. Тіпті, түрмеге ет алдыртуға болады. Ол үшін 25 мың теңге төлеу керек.

Арнайы сайтқа кірсе тауардың 400-ден астам түрі ұсынылған. Олардың ішінде азық-түлік, сусындар, тұрмыстық химия, кеңсе тауарлары мен киім-кешектер де бар. Ақшасы жетсе мейрамханалардан ыстық тағамға да тапсырыс беруге болады. Әзірге мұндай мүмкіндікті тек Алматы қаласында жатқан күдікті, айыпталушы мен сотталушылар ғана пайдалана алады.

"Түзету мекемелерінде азық-түлік және күнделікті қажет заттарды сатып алу қызметі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрінің 2014 жылғы 17 қарашадағы № 819 "Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" бұйрығымен реттелген. Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесінің барлық мекемелерінде дәстүрлі дүкендер жұмыс істейді, сонымен қатар кейбір мекемелерде күн сайын жұмыс істейтін электрондық сауда алаңдары енгізілген", – делінген ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Егер абақтыда жатып, іш пысқан жағдайда жақындары арқылы темекі мен шахмат алдыртуға болады екен.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары