Тікелей эфир

Алматыдағы Әуезов театрының ғимараты жаңғыртылады. Көрермендер қайда барады

Театрды жаңғырту жұмыстары 2026 жылы аяқталады.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры ғимаратында жөндеу-жаңғырту жұмыстары жүретініне қарамастан, 99-театр маусымын 16 қыркүйектен бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі

Көрермендер өнерпаздардың қойылымдарын өзге театр ғимараттарында тамашалайды. Мысалы, 16 қыркүйекте алғашқы "Қозы Көрпеш – Баян сұлу" қойылымы Almaty Theatre театрында болады.

Еске салайық, 2026 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрына 100 жыл толады. Соған орай, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрының ғимараты жақында толықтай қайта жаңғыртылатынын хабарлаған болатын. 

"Бұл жұмыс аталған өнер ордасының 100 жылдық мерейтойына орай, яғни 2026 жылы аяқталады. Дегенмен, шығармашылық әлеуеті жоғары театр ұжымы биік көркем өнер, жаңа тұрпатты мәдениет жасау, отансүйгіштік, ізгілік, адамгершілік, сұлулықты дәріптеу жолындағы жұмысын тоқтатпайды", – делінген театрдың хабарламасында. 

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театры қыркүйекте көрермен назарына 7 қойылымды ұсынады. Қойылымдар Алматы театрында, Алматы облысы, Талғар қаласының мәдениет үйінде және Есік қаласының мәдениет үйінде өтеді. 

Толық тізім:

2024 жылғы қыркүйек айының репертуары

 

Серіктестер жаңалықтары