Тікелей эфир

Алматыда жыл соңына дейін заманауи емхана ашылады

Алматыдағы Кемел шағын ауданында жыл соңына дейін заманауи емхана ашылады.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесу барысында бірқатар сұраққа жауап берді. Қала тұрғыны әкімнің маусым айында емхана ашуға уәде бергенін және емхананың ашылуы не себепті қараша айына жылжып кеткенін сұрады.

"Біз салынған емхананы қабылдауымыз керек, бірақ мердігер бірқатар жұмысты аяқтаған жоқ. Бұл – монтаждау, жабдықты жеткізу жұмыстары. Емхананы құрал-жабдықсыз іске қосу мүмкін емес. Жалпы емхана салу жұмысының  95%-ы аяқталды", – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Қала әкімінің айтуынша, құрылысты тоқтатса, мемлекеттік сатып алу ережесі бойынша жаңа конкурстық рәсімдер жарияланып, емхананың ашылуы 2024 жылға ауыстырылатын еді.

«Шыдай тұруларыңызды сұраймын. Біз қаладағы ең заманауи емхананы ашамыз. Осылайша, Камел шағын ауданында және жақын маңдағы тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты барлық мәселені шешеміз», – деді ол.


Оқи отырыңыз: 15 қыркүйекте емханаға тіркеу науқаны басталады. Тіркелу үшін не білу қажет?


 

Серіктестер жаңалықтары