Алматыда қоғамдық көліктің жолақасын 20 теңгеге көтеру мүмкіндігі қарастырылуда. Қала әкімдігі қаулысының тиісті жобасы талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтына жарияланды.
Алайда кейбір тасымалдаушылар бұл өсімді жеткіліксіз деп санайды, деп хабарлады жолаушылар тасымалдаушылары кәсіпорындарының қауымдастығы.
"Ұсынылған 120 теңге автопарктің мәселесін шешпейді. Маршруттағы орташа тариф 310 теңге болғанда, жолақы кемінде жартысын, яғни 180 теңге болуы керек. Барлығы кондиционері бар жаңа автобуспен жүргісі келеді, бірақ сапалы қызмет үшін тиісті төлем болуы керек. Әкімдік бізге кем дегенде 170 млн теңге тұратын электрмен жүретін автобустар сатып алуға шарт қояды. Сонымен қатар, маршрут саны көбейіп келеді, оларға қызмет көрсету үшін жүргізушілер қажет және олар бәсекеге қабілетті жалақы төлеуі керек. Сондықтан бұл шамалы ғана өсім", – деді City-Bus ЖШС директоры Абылай Өстемір.
Оқи отырыңыз: Алматыда жолақы 120 теңгеге дейін қымбаттайды
Еске салайық, қазір Алматыда қоғамдық көліктегі тарифтің құны қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде 100 теңге және қолма-қол төлеу кезінде 200 теңге мөлшерінде белгіленген. Әкімдік қоғамдық көлікте жол жүру құнын 20 теңгеге қымбаттатып, 120 теңгеге дейін арттыру мүмкіндігін қарастыруда. Сондай-ақ, жүргізушілер ақша жинауға алаңдамауы үшін қолма-қол ақшамен төлемді алып тастау жоспарлануда.