Бұл білім ордасы Алматы қаласының он маңызды жобасының қатарына енді. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен білім беруді дамытуға аса назар аударатын ZAMAN SCHOOL-де инновациялық және оқытуда жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа енгізілген білім беру жүйесі қолданылады.
Бұл мектептің ашылудағы мақсаты: Ұлттық болмысқа тән және қазіргі заманға сай озық тұлғаны тәрбиелеу. Қазақтың ұлттық мәдениеті мен білім беруді дамытуға аса назар аударатын ZAMAN SCHOOL-де инновациялық және оқытуда жоғары тиімділікті қамтамасыз ететін жаңа енгізілген білім беру жүйесі қолданылады. Негізгі сабақтардан бөлек ұлттық қолөнерді дамытатын факультатив ретінде теориялық және практикалық сабақтар жүргізіледі. Мысалы, қыз балалар үшін "құрақ шеберлігін үйрену", "ұршық иіруді үйрену", "киіз өнімдерімен жұмыс" секілді ата-бабамыздың қолданыстағы ұлттық өнерін жаңғыртуды қолға алған.
"Біз ZAMAN SCHOOL қазақ элиталы мектебіне заманауи техникалардың соңғы үлгілерін қолданысқа енгізіп жатырмыз. Мысалы, әр оқушы мен қызметкерлер мектепке кіргенде камера бет-жүзіне қарап Face ID бақылау жасайды. Бөтен адам болса есік ашылмай қалады. Сондай-ақ, әр оқушы ID карта арқылы мектепке кіріп шыққаны жайлы ата-анасына смс хабарлама автоматты түрде жолданып отырады", – деді мектеп құрылтайшысы Гаухар Нурова.
Ерекше ғимараты заманауи оқу үдерісіне қажеттінің барлығын ескере отырып, ең үздік қазақстандық сәулетшілермен жобаланған.
Мектептің ашылу салтанатына қатысқан Наурызбай ауданы әкімінің орынбасары Нысаналиев Мирас Нұрланұлы мектептің ашылуымен құттықтап, ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 2700 орынға арналған 2 мектепті ашу жоспарлануда екенін айта кетті.