Тікелей эфир

Алматыда үй ішінде газ иісі шықса, қайда хабарласу қажет?

"Интергаз Орталық Азия" АҚ неліктен газ иісі таралып жатқанын түсіндірді.

"112" желісіне Алматының Алмалы, Әуезов және Бостандық аудандарының тұрғындарынан үйлер мен пәтерлерде газдың иісі бар екендігі туралы шағымдар келіп түсіп жатыр. "Интергаз Орталық Азия" АҚ жағдайдың алдын ала себебін атады.

"Қазіргі уақытта барлық хабарламаны пысықтау үшін газ қызметінің жеті авариялық бригадасы жұмылдырылды", – делінген компания таратқан хабарламада. 

"Интергаз Орталық Азия" АҚ Алматы қаласы бойынша магистральдық газ құбырлары басқармасының деректері бойынша, 16 қаңтарда температураның +15°-қа дейін аномалды көтерілуіне байланысты газ тығыздығы артқан. Осының әсерінен газды одоризациялау қысқы режимде қалып, газдың өзі аз жұмсалған. Одоризация – бұл ағып кетуді уақтылы анықтау үшін арнайы компоненттердің көмегімен табиғи газға ерекше иіс беру.


Оқи отырыңыз: Қауіпсіздіктің қарапайым ережелері. Біз күнделікті неге мән бермейміз?


Алғашқы өтінімдерден кейін шығыс қысымы мен одоризация нормасын төмендету туралы шешім қабылданған. Одорант физиологиялық зиянсыз болғандықтан, адамдарға еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Жабдықтауға қатысты проблемалар туындаған жағдайда "104"нөмірі бойынша авариялық қызметке жүгіну қажет.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары