Алматы қаласында мектеп, балабақша мен емхана құрылысының қарқыны тұрғын үй құрылысынан 3 есе артта қалып отыр. Бұл туралы депутат Серік Шайдаров Сенатта өткен үкімет сағатында айтты.
"Бұл ретте Алматы қаласын дамытудың бас жоспарына және егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес аумақты кешенді қайта құру және тозығы жеткен құрылыстарды бұзу шеңберінде 104 мектеп пен 230 балабақша қарастырылған", – деді сенатор.
Депутаттың айтуынша, мұндай жағдай Астана қаласында да қалыптасып отыр.
"Елордада әлеуметтік нысандардың жетіспеуіне байланысты биылғы оқу жылының басында мектептердің бірінде партаға 18 бірінші сынып отырды", – деді ол.
Оқи отырыңыз: Депутат толық емес отбасыларға 2 пайыздық ипотека алу шарттарын жеңілдетуді ұсынды
Бұл ретте депутат қалалардың бас жоспарын әзірлеу тәсілін қайта қарауды ұсынды.
"Осы проблемаларды назарға алып, Үкімет мемлекеттік жер қорын ескере отырып, тұрғын үй мен әлеуметтік нысандардың біркелкі құрылысын болжау қажеттілігі бөлігінде қалалардың Бас жоспарларын әзірлеу тәсілдерін қайта қарауы қажет", – деді депутат.