Тікелей эфир

Алматыда түнде жер сілкінді. Оның Қытайдағы ошағында қуаты 6 балл болған

Алматыда жер сілкінісің қуаты 2 балл болған.

Алматыда 17 қазан, түнгі сағат 3.23-те қуаты 2 балл жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы "Сейсмикалық байқау және зерттеулер ұлттық орталығы" ЖШС хабарлады. 

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 264 км жерде болды. Алматыдағы жер сілкінісінің қуаты 2 балл", – делінген орталықтың хабарламасында. 

Ал Қырғызстан ұлттық ғылым академиясының Сейсмология институтының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында болған. Жер сілкінісінің ошағындағы қуаты – 6 балл.

Карта: Қырғызстан сейсмология институты

"Қырғызстанның Бедел, Ыштық, Қара-Сай ауылдарында жер сілкінісінің қуаты 4 балл болса, "Құмтөр" кенішінде 3 балл шамасын құрады", – делінген Қырғызстан сейсмология институтының хабарламасында. 


Оқи отырыңыз:


 

Серіктестер жаңалықтары