Тікелей эфир

Алматыда тағы бір әйелді ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалды

"Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Алматыда көшеде әйелді тағы бір ұрып-соғу оқиғасы видеоға түсіп қалды. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды. Кадрларда ер адамның алдымен құрбанын тепкілеп, кейін алақанымен ұрғаны көрінеді.

Бейнежазбаға адамдар арасында қандай кикілжің болғаны, олардың кім екені белгісіз.

Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметі "Бұзақылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

"Қазір видеодағы адамдардың жеке басы мен оқиғаның мән-жайы анықталуда. Кінәлі адам жауапкершілікке тартылады", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.


Оқи отырыңыз: Оңтүстіктің өзекті мәселесі. Oy-Detox отбасындағы зорлық тақырыбын Шымкентте талқылады


Бұл бап бойынша ең жоғары жаза – екі жыл бас бостандығынан айыру.

Серіктестер жаңалықтары