2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Алматыда шетелдік туристер саны 72,6% өсіп, 261,6 мың адамға жетті.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, ішкі туристер ағыны 24,6%-ға артып, 710,6 мың адамға жетті.
"БАӘ, Катар, Кувейт, Иран, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, Германиядан келген шетелдік туристер санының өсуі байқалады", – деді басқарма өкілдері.
Биыл жыл соңына дейін Алматыда шетелдік туристер санының 500 мың адамға дейін жетеді деп болжанып отыр.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда алғаш рет медиа және туризм форумы өтті.