Тікелей эфир

Алматыда қытайлық Changan, Сhегу және Haval көліктері шығарылады

Мультибрендтік зауыт 2025 жылы іске қосылады деп жоспарланып отыр.

Алдағы екі жылда Алматыда Қытай автомобильдерінің өндірісі іске қосылады, деп хабарлады Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы.

Кемінде 220 мың авто өндірісі бар автокластерді қалыптастыру шеңберінде жобалық қуаты 170 мың автомобильге дейінгі 2 жаңа автозауытты іске қосу жоспарланып отыр. Жоба аясында қытайлық Changan, Chery, Haval брендтерінің мультибрендтік зауыты – жылына 90 мың авто және Orbis Manufacturing зауыты – жылына 80 мың авто құрылады.

Алматыда экономиканы сапалы дамыту үшін жыл сайын 10% деңгейінде өсіммен инвестициялар тарту жоспарланып отыр:

  • 2024 жылы – 1,8 трлн теңге;
  • 2025 жылы – 2,1 трлн теңге.

Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының мәліметіне сәйкес, 2025 жылы Changan, Сhегу мен Haval мультибрендтік автозауыты, Knauf Insulations жылу оқшаулағыш материалдар зауыты, 6 фармацевтика мен медициналық жабдықтарды өндіру бойынша тағы 4 жоба іске қосылады.


Оқи отырыңыз: Қазақстанның автонарығында Қытайдың көліктері көбейеді


 

Серіктестер жаңалықтары