Тікелей эфир

Алматыда қала маңына қатынайтын оныншы жаңа бағыт іске қосылды

2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарға енген.

16 желтоқсанынан бастап Бауыржан Момышұлы метро станциясы мен Ашекеев кенті арасында қатынайтын № 244 жаңа қала маңы бағыты іске қосылады. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Желіде 13 минут жиілікпен 13 жылжымалы бірлік қызмет көрсететін болады.

"Алматы агломерациясын дамыту аясында биыл Қалалық мобилділік басқармасы 25 елді мекенді қамтитын 10 жаңа қала маңы бағытын ашуды жоспарлаған болатын. Бұл – осы жылы іске қосылған қала маңына қатынайтын оныншы бағыт", – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін 9 бағыт іске қосылған: №216 "Дәулет кенті – Алматы-1 т/ж вокзалы", №223 "Туғанбай кенті – Нұра кенті – Алматы-1 т/ж вокзалы", №232 "Жүздібастау кенті – Алматы-2 т/ж вокзалы", №233 "Қараой кенті – Саяхат", №234 "Еламан кенті - Алтай-1 ш/а (ВАЗ)", №235 "Исаево кенті – Сәлем базары", №236 "Қарғалы кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы", №240 "Батыр кенті – Адем-1 СҮ" және №247 "Мыңбаев кенті – Төле би/Яссауи бұрылыс алаңы".


Оқи отырыңыз: Астанада жаңа автобус бағыты іске қосылады


2024 жылдың соңына дейін қала маңына қатынайтын 20 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарға енген, бұл 50 елді мекенді қамтамасыз етеді.

Серіктестер жаңалықтары