Жоба 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.
Алматыда тегін берілетін дәрі-дәрмектер тізімі жаңасымен толықты, деп хабарлайды Ашық НҚА сайты.
Қалалық мәслихат 2020 жылдың 30 қазанындағы "Дәрі-дәрмекпен қосымша қамтамасыз ету туралы" шешімге толықтырулар енгізетін жоба әзірледі. Енді келесі дәрілер науқастарға тегін беріледі:
- муковисцидоз – заласыздандырылған Nutriet Standard 200 мл, Nutriet Energy 200 мл, Nutriet Standard 350 г.;
- қатал адам синдромы – октагам;
- ойық жара – адалимумаб;
- бұлшықет дистрофиясы – этеплирсен, дефлазакорт, голодирсен;
Аталған шешім жобасы 4 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға шығарылды.