Алматы полиция департаменті мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған алматылық полиция майорының тағдыры туралы айтты.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде дүйсенбі, 19 ақпанда Алматыда екі қызметтік көлік пен Toyota соқтығысқаны туралы ақпарат пайда болған. Қызметтік көліктердің бірін полиция қызметкері жүргізгені хабарланды.
"Нашақорлық сараптамасының қорытындысы бойынша ұсталған азаматтың қанынан мефедрон химиялық есірткі заты табылды", – деп жазылған хабарламада.
Полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастады.
Оқи отырыңыз: Шымкентте полиция қызметкері әйел мен баланы қағып кетті
"Тәртіптік комиссияның шешімімен ол ішкі істер органдарынан келеңсіз себептермен жұмыстан босатылды. Басқа бірқатар басшылар тәртіптік жазаға тартылды. Бұл жұмыс Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында", – деп толықтырды Алматыдағы Полиция департаменті.