Олардан 31 атыс қаруы мен 1 428 оқ-дәрі тәркіленді.
Әуезов, Алатау және Медеу аудандарының аумағы қылмыскерлерден тазартылды, деп хабарлады Алматы қаласы комендатурасының ақпарат орталығы.
Сондай-ақ, "Өжет" ықшамауданы мен Алматы халықаралық әуежайына шекаралас аумақта лаңкестерден тазарту жұмыстары жүргізілді.
"Лаңкестік, тонау және басқа да қылмыстардың 1 237 қатысушысы ұсталды. 31 атыс қаруы мен 1 мың 428 оқ-дәрі тәркіленді", – деп жазылған хабарламада.
Блок-посттарда 38 адам ұсталған.
"102" басқару пультіне 608 хабарлама, комендатураның call-орталығына жедел әрекет етуді талап ететін 253-і дабыл түскен.
"Барлық хабарлама өңделді", – деді комендатурада.